Басшылық ауысқанымен әкімдіктің EXPO-2017 көрмесін өткізуге бағытталған жұмыстар жүйесі өзгермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Басшылық ауысқанымен әкімдіктің EXPO-2017 көрмесін өткізуге бағытталған жұмыстар жүйесі өзгермейді

10.08.2015
Басшылық ауысқанымен әкімдіктің EXPO-2017 көрмесін өткізуге бағытталған жұмыстар жүйесі өзгермейді

Ұлттық компания басшылығының ауысқанына қарамастан, әкімдіктің EXPO-2017 көрмесін өткізуге бағытталған жұмыстарының жүйесі өзгермейді.

Бұған дейін мен жақын орналасқан қалалар мен аймақтарға ресми сапарлар жасау мәселесін шешіп, оларды ақпараттандыру және көрмеге тартуды жүзеге асыруды тапсырған болатынмын. Бұл әкімдіктің ресми шарасы, оларды EXPO көрмесін насихаттауға қосымша құрал ретінде пайдалануға болады, - деді Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қысқы дайындық мәселелеріне арналған жиын барысында.

Осыған орай, әкім елорданың іскер және мәдени ортасының халықаралық шараларға қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды. Жиын барысында елордадағы жол жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің жол асты және жол үсті өту орындарының жағдайы талқыланды.

Автомобиль жолдарының жағдайына тоқтала кете, қала басшысы олардың сапасыздығы қоғамдық көлік модернизациясына кері әсерін тигізетінін айтты.

«Қала тұрғындары Астананың жолдарымен күнделікті қатынап, жолдардың сапасыздығына көп сын айтады. Жолдардың жағдайы сәйкес деңгейде болмағасын, күнделікті ондаған автобустарды жөндеуге тура келеді», - деді шаһар басшысы.

Қаладағы тағы бір түйткілді мәселелердің бірі - жаяу жүргіншілерге арналған жол асты өту орындары. Атап айтқанда, әкім ол жерлердегі заңсыз сауданың жүргізілетіндігіне және жол асты өту орындары жағдайының нашарлығына назар аударды.

Хабарламаларға жазылу