«Еуразияның ұлы тұлғалары». Абай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразияның ұлы тұлғалары». Абай

10.08.2015
«Еуразияның ұлы тұлғалары». Абай

Абай – қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл-философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды.

Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей-теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. Абай  шығармалары арқылы руһани бірлікке шақырады.

Абай шығармашылығының  тақырыбы жан-жақты әрі әлеуметтік аясы кең. Ол  халықты өнерге, білімге, ғылымға бейімдейді.  Сондықтан, «жанға жайлы, жүрекке жылы» тиетін Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы», деп те аталады.

Абай Құнанбаевтың  170 жылдығына орай бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:50-де «Еуразияның ұлы тұлғалары» деректі фильмін көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу