2014 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2013 жылға қарағанда 4,6 пайызға артып, 2 667,2 миллиард теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің едәуір үлес салмағы 872,2 миллиард теңгені немесе 32,7 пайызда құраған өнеркәсіп объектілерінің құрылысына тиесілі.
2014 жылы әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілер пайдалануға берілді. Олардың арасында 113 жалпы білім беретін мектеп, 105 мектепке дейінгі ұйым, 176 амбулаториялық-емханалық ұйым және 7 аурухана. Астана қаласында Қазақстан Тарихы Мұражайы пайдалануға берілді.