Бүгін «Дубровичи» ресейлік полигонынан тікелей ұшқыштарымыз Ақтөбеге келді, онда оларды салтанатты түрде Кеңес Одағының екі мәрте батыры Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттары күтіп алды.
Ұшқыш болуды және ӘӘК ірі халықаралық сайыстарында өнер көрсетуді армандап жүрген қазіргі курсанттар үшін бұл кездесудің орны бөлек, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Себебі, «Авиадартстан» келген ұшу экипаждарының құрамында Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының түлектері капитан Нұрбек Әбдішүкір, Айдар Гаухаров, Манас Дәулетбаев пен Алексей Кейль. Естеріңізге сала кетейік, 1 тамызда бірінші халықаралық армия ойындары шеңберінде Рязань облысының «Дубровичи» полигонында «Авиадартс» байқауы бастау алды.
Мұнда Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қытай Әскери-әуе күштерінің ұшу экипаждары ұшуды басқару және авиациялық техниканы жауынгерлік қолдану шеберлігінде сайысқа түсті. Байқауда Қазақстан төрт ұшу экипажы және 12 ұшу аппаратымен ұсынылды.
Біздің ұшқыштарымыз үшін «Авиадартсқа» қатысу алғашқы тәжірибе болып табылады. Алайда, оларға байқаудың барлық сынағынан мүдірмей өтуге және ұшу дағдысында ресейлік ұшқыштардан ғана қалыс қалып, Қытай мен Беларусь ӘӘК үздік өкілдерін озып кетуге кедергі болған жоқ.