Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы «Қазақфильм» киностудиясын аралап көруде.
Бұл туралы Ақорданың «Твиттердегі» парақшасында жазылды.
Естеріңізге сала кетсек, Елбасының Алматыға сапары 9 тамызда басталған. Сапары аясында қала активімен кездесіп, жаңа басшыны таныстырды және мегаполистің бұдан әрі даму бағыттарын айқындады.