Халықаралық солақайлар күні 1990 жылы құрылған британдық Солақайлар клубы ұсынысымен алғаш рет 1992 жылы 13 тамызда аталып өтті. Психолог мамандар солақайлардың шығармашылық күші ерен болатынын айтады.
Бұл күні әлемдегі барлық солақайлар тауар өндірушілерді өнім шығарарда оларға ыңғайлы болу жағын қарастыруға шақырады. Түрлі акциялар ұйымдастырып, іс-шаралар жүргізілді. Алайда, клубтың негізгі көздегені әлем елдерінде мектептегі солақай балаларды оң қолымен жазуды үйретуге шектеу қою. Себебі, мұндай әрекет баланың психологиясына әсер етіп, оқу үлгерімін төмендетеді.
Статистикалық мәліметтерге сай, әлемнің 10 пайыз тұрғыны солақай. Бір қызығы, танымал тұлғалар арасында да солақайлар көп. Мысалы, Марк Твен, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Бетховен, Пол Маккартни, Ринго Старр, Мерилин Монро, Роберт де Ниро солақай.
Одан әріге барсақ, Юлий Цезарь мен Александр Македонский, Наполеон Бонапарт пен Карл Великий, Уинстон Черчилль мен Жанна Д'Арк та солақай болған. Сондай-ақ, АҚШ-тың үш бірдей президенті – Рональд Рейган, Джордж Буш (үлкені) және Билл Клинтон да осы қатарда.