Бозоқ – Ақмоланың ежелгі атауы ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бозоқ – Ақмоланың ежелгі атауы ма?

13.08.2015
Бозоқ – Ақмоланың ежелгі атауы ма?

Бозоқ — ежелгі қалашық. Шамамен VIII ғасырда өмір сүрген. XIII-XV ғасырларда қалашық орны қасиетті мекен саналып, ақсүйектерді жерлейтін орынға айналды.  Бозоқ адамдардың руһани өмірінде де ерекше маңызға ие болды.

Мұсылмандар арасында киелі орын саналған Бозоқта құлшылық етіп, әруақтарды еске алып, ас берілетін болды, ұлттық ойындар ойналып, жарыстар өткізіліп тұрды. Сонымен қатар, жолаушылар мен керуендердің дем алып, түнейтін орнына айналған.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев еңбектерінде: «...ортағасырлық Бозоқ қаласын Ақмоланың түпкі атасы деп санауға болады, ал оның соңғы мұрагері қазіргі Қазақстанның астанасы — Астана қаласы»,-деп жазады.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 17:05-те «Қазақ даласының құпиялары» хабарынан Бозоқ қалашығының қазақ тарихындағы рөлі туралы біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу