Аты аңызға айналған рок-әнші Виктор Цой 1962 жылы, 21 маусымда Ленинград қаласында дүниеге келген.
Бала күнінен сурет салуға бейім болған. 15 жасында көркемөнер мектебін бітірген.
Сондай-ақ, жас кезінде Михаил Боярский, Владимир Высоцкий, Брюс Лиге еліктеп, шығыс жекпе-жегімен айналысқан.
Музыкадағы алғашқы қадамы көркемөнер мектебінде жүріп қабылданған Максим Пашковтың жетекшілігімен құрылған «Палата № 6» группасынан басталды.
Ал, 1980 жылдың басында «Автоматические удовлетворители» панк-группасы құрылып, Цой топ мүшелерімен Мәскеуге барады.
Осындай сапарлардың бірінде әнші Борис Гребенщиковтың көзіне түседі. Осылайша, 1981 жылы «Гарин и Гиперболоиды» тобы құрылады.
Көп ұзамай Б.Гребенщиковтың жетекшілігіндегі топтың атауы «Кино» болып өзгертіледі. Алғашқы альбомдары «45» атауымен жарық көрген.
Олардың ішіне «Последний герой», «Алюминиевые огурцы», «Мама Анархия», «Видели ночь», «Группа крови», «Звезда по имени Солнце» және т.б танымал әндері енген.
1990 жылы «Кино» рок-тобының соңғы концерті өтеді. Бұдан кейін Цой Юрий Каспарянмен бірігіп, жаңа альбом үшін әндер жазуға кіріседі.
Топ музыканттарымен бірлесе жазылған бұл әнжинақ әншінің өлімінен кейін «Черный альбом» атауымен жарықа шығады.
Виктор Цой сонымен қатар, киноактер ретінде де танымал. «Конец каникул», «Асса», «Игла», «Игла Remix» фильмдері мен «Рок», «Жизнь как кино», «Еловая субмарина: Виктор Цой. Дети минут» деректі туындыларына түскен.
Атақты әнші 1990 жылдың 15 тамызында жол апатынан қаза табады.