Британиялық жазушы Вальтер Скотт 1771 жылы 15 тамызда Эдинбург қаласында дүниеге келген. Жастайынан асқан дарындылығы және айрықша қабілетімен дараланады. Бала күнінен халықтық баллада мен аңыздар, тарихи әңгімелерді оқуға әуес болған.
Тергеушілер отбасында тәрбиеленген ол әкесінің қалауымен заңгер мамандығын таңдайды. Бірақ, бала күнгі әдеті бойынша көп уақытын кітап оқуға жұмсайды.
1799 жылы Вальтер Скотт Селкиркшир графтығының бас судьясы қызметіне тағайындалады. Ал, арада біраз жыл өткенде Шотландия Жоғарғы сотының бас хатшыларының бірі болады.
1802 жылы жазушы «Песни шотландской границы» атты балладалар жинағын шығарады. Бұл кітабы арқылы ол оқырмандарға кеңінен танылды.
Вальтер Скоттың өзі құрастырған алғашқы «Песнь последнего менестреля» поэмасы 1805 жылы жарық көріп, бірнеше рет қайта басылып шығады.
1808 жылы «Мармион», 1810 жылы «Дева озера», 1813 жылы «Рокби», 1815 жылы «Властитель островов» романтикалық поэмалары жарық көрген.
«Уэверли» атты алғашқы романында жазушы аты-жөнін көрсетпейді. Ал, одан кейінгі романдарында «Уэверли» шығармасының авторы» деп көрсетіп отырған.
Оның романдары екі топқа бөлінеді. Біріншісі Шотландияның өткен тарихына арналған - «Гай Маннеринг», «Шотландские пуритане», «Монастырь», «Антиквар» шығармалары. Екіншісі - Англияның өткені мен құрлықтық елдерге арналған - «Айвенго», «Кенильворт», «Приключения Найджела», «Вудсток», «Анна Гейерштейнская» туындылары.
Сондай-ақ, тарихи тақырыптарға арналған «О демонологии и колдовстве» (1820), «Смерть лорда Байрона» (1824), «Жизнь Наполеона Бонапарта» (1827), «История Шотландии» в двух томах (1830), четыре выпуска «Рассказов дедушки» (1830) атты өлеңдердің авторы.
Вальтер Скотт 1832 жылы 21 қыркүйекте қайтыс болған. Жазушының «Айбынды батыр Айвенго» романы қазақ тіліне аударылған.