Чха Ён Ми — қайсар әрі еркін қыз. Жетім өскен ол әрқашан өзіне ғана сенетін. Бірақ, бір күні оның оқуының ақшасын төлеп, армандап жүрген жұмысына орналасуына бір адам көмектеседі.
Ён Ми бұл жұмбақ кісіге көп хат жазады. Бірақ, бұл кісінің кім екенін білмегендіктен хаттарын жібере алмайды. Бойжеткен талай оқиғаны бастан кешеді. Бірақ, жұмбақтың шешуін тапқан кезде кеш қалған еді...
Режиссер Чжон-сик Гонның «Жұмбақ жәрдемші» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:30-да көре аласыздар.