Абай Әбішевтің шығармашылық кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай Әбішевтің шығармашылық кеші

16.08.2015
Абай Әбішевтің шығармашылық кеші

Халық Абай Әбішевті әншілікпен қатар, мультиаспапшы ретінде жақсы таниды. Музыкалық аспаптарға деген қызығушылығы турасында ол: «Ең бірінші қолыма қазақтың қара домбырасын ұстадым. Алғашында балалықпен домбыраның болмысына қызығып, мойны, ішегі неден жасалады деп «ақтарып» тастаған кездерім болған.

Кейін өз бетімше шертіп үйрендім.  Домбырадан кейін сырнайға көшіп,  Шәмшінің әндерін  нотасыз-ақ игере бастадым. Одан бөлек баян, прима, сыбызғы аспаптарын меңгердім»,-деп еске алады.

Нұрдәулет Әлібаев, Рахымжан Тоқтақынов, Өтепберген Хамзин, Гульфайруз Далбағаева, Нұрахмет Жорабеков, Ермұрат Үсенов секілді ұстаздардан дәріс алған әнші, Секен Тұрысбеков, Ескендір Хасанғалиев, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев сияқты өнер саңлақтарын өнердегі ұстаздары санайды.

Әншінің «Туған ел» атты шығармашылық кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:10-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу