Жуырда қазақстандық телеэкранға «Мойнақ» ГЭС-і туралы түсірілген отбасылық кинолента эфирге шығады.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Астанателефильм» киностудиясы «Жарық» хикаясының түсірілімін аяқтады. Премьера «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан 31 тамызда көрсетіледі.
«Жарық» - көрермендерге түрлі эмоция сыйлайтын көңілді отбасылық сага. Хикая кейіпкерлері бір-біріне ғашық болып, аяқасты ажырасады, жақындарын тауып, енді бірде іздеу салып жатады. «Жарық» оқиғалары «жоғары кернеу аймағында» - «Мойнақ» ГЭС айналасында өрбиді.
24 бөлімнен тұратын туынды режиссері Бактияр Сейтказиев. Түсірілім жұмыстары Шарын өзені және Шарын шатқалдары маңында жүргізілген.
«Сіз гидроэлектростанцияда болып көрдіңіз бе? Міне күш қайда жатыр! Міне мінез қайда?! «Мойнақ» ГЭС-і орналасқан жер, Шарын өзені және Шарын шатқалдары –Қазақстанның маржандары. Бұл жерлерге 12 миллионға жуық жыл болды емес пе?! Бізді осы жерлердің тұмса табиғаты суретші ретінде қатты тамсандырғаны рас»,-дейді режиссер.