Нұржан Қарымсақовтың сурет өнеріндегі бағыты – тарихи жанр. Бұл бағытты таңдаудағы себебіне тоқталған суретші: «Әкем – филолог еді. Бала кезімнен маған қазақтың батырлары, ақындары, жыраулары туралы жиі айтып отыратын. Өзінің де сурет салу жағынан өнері болатын. Ауылда көркемсурет мектебінің директоры болды. Сол әсер еткен болар»,-дейді.
«Үлкен туындылар бірден шыға қоймайды. Оған бірнеше жыл қатарынан ізденіп, еңбектену керек. Мырзатай Жолдасбеков, Қойшығара Салғараұлы, танымал археолог Зейнолла Салмашев, түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы сынды еліміздің үлкен тарихшылары, филологтарынан кеңес алып тұрамын. Тарихи туындыны осындай жандардың батасымен салу керек»,-дейді суретші.
Сұх баттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.