30 тамыз күні Астанада ұлттық спорт теңге ілуден I Азия чемпионаты өтеді. Сондай-ақ, осы турнир аясында асау үйретуден да жарыс өтпек.
«Бұрын-соңды теңге ілуден жарыс өткізілмеген. Құйғытып келе жатқан жүйрік үстінен жерден теңге ілу мен көрер көзге қызықты шоу сияқты асау үйретуді біріктіріп, сайыс ұйымдастырмақшымыз.
Қазақта ат үстіндегі ойынның бәрі – соғыс өнерімен астасып жатады. Бұл спорт асқан икемділікті қажет етеді. Моңғолия, Түркия, Қытай, Ресей және т.б. елдерге жарыс өтетіні туралы хабар бердік. Сайысқа бұл елдер де қатыспақ ниетте»,-дейді Бекболат Тілеухан.
«Бүгінде не болса соны спорт қылып жатыр ғой. Оған қарағанда, ат үстінде жұлдыздай ағып келе жатып, жердегі кішкентай теңгені іліп алу – Азия тұрмақ, Әлем чемпионатын өткізуге тұрарлық спорт».
«Еуропада бұл спорт кенже дамыған. Олардың деңгейі Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай қазақтарының деңгейіндей емес. Бірақ, бір қызығы, бұл спортқа деген қызығушылық жоғары».
«Ал, асау үйретуге келер болсақ, қазір шу асау жылқыларды іздестіріп жатырмыз. Ережеге сай, салмақ бір адамға ғана түспейді. Атты ұстап беру біреуге жүктелсе, ерттеп міну басқаға. Ал, негізгі бал беру аттың үстіне мінген кезден басталады. Мәреге қатар келіп жатса, шалма салуына да қараймыз».
«Алтын тұлпар» турнирінің биылғы ерекшеліктерін «Таңшолпаннан» біле аласыздар.