Оның орнына елімізідң батыс аймақтарына циклон жылжып барады, ол алдағы үш тәулікте бірте-бірте шығысқа қарай қозғала түседі. Нәтижесінде, алдымен еліміздің батыс өңірлерінде кейінірек, солтүстік өңірлеріне, одан соң республиканың орталығына жауын-шашын әкеліп, ауа температурасының төмендеуіне ықпал етеді.
Синоптиктердің мәліметтерінше, осы циклонмен байланысты атмосфера ағымдары оңтүстікке, оңтүстік-шығыс пен шығысқа тамыздың 20-на жақын келеді және осы уақыт аралығында аталған аймақтарда аздаған жауын-шашындар мен нөсер жауап өтеді. Алайда, осыған дейін, алдағы екі тәулікте оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы 30-дан 37 градусқа дейін және 40-тан 43 градусқа дейін ысиды, деп жазады thenews.kz.