Құрыш қамал қорғаны, Тәуелсіздігіміздің қалқаны – ұлтымыздың қауіпсіздігін күзеткен шекара қызметінің құрылғанына биыл 23 жыл.
«Қазір мемлекеттік шекараның ұзындығы 15 мың шақырымнан астам. Оның ішінде Ресеймен шектесетін аумағы дүние жүзіндегі ең ұзақ аумақ ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген»,-дейді БАҚ-пен жұмыс және қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Қанатбек Сұлтанов.
20/14 Астана шекаралық бақылау бөлімі Астана қаласындағы халықаралық әуежайда жолаушыларға қызмет етеді. Жалпы, бөлім бойынша 60-қа жуық адам қызмет етсе, шекарадан өтетін жолаушыларды паспорттық бақылаудан өткізетін 10 қызметкер бар.
Халықаралық рейстердің жиілеуіне байланысты жұртшылыққа сапалы әрі жылдам қызмет көрсету мақсатында бақылау бекеттері жыл соңына дйін екі есеге артпақ.
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан еліміздің оңтүстік-батысындағы Қызылқұм шекара заставасы бар.
Қақаған аяз бен аптап ыстықта мызғымай қызмет ететін сарбаздардың бірден бір сенімді серіктері шекара иттері.
Бірнеше жылдан бері қылмыскерлердің ізін кесіп, қалтқысыз қызмет етіп келген иттің бірі – Тарлан. Оны шекаралық қызметке үйреткен сержант Думан Ақшабайұлы. Ол Тарланға тек қазақ тілінде бұйрық береді.
«Итті үздіксіз үйретсе, бір айда нәтиже болады. Қазақша-орысша деген айырмашылық жоқ. Алғашында қай тілде бастасаң, соған үйренеді»,-дейді сержант.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.