2015 жылдың қазан айында Сочи қаласында өтетін «Жаңа толқын» байқауында орындайтын әннің тұсаукесері жасалды. Тамыздың 19-да Алматыда жаңа әнге, сондай-ақ «Футбол» әніне бейнебаян түсіріледі. Таңғы бағдарламада қонақта болған ағайынды Жүгінісовтер осы және өзге де шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті.
«Ертең Алматыға жол жүргелі отырмыз. Ондағы мақсат – «Тәуелсіз елім» атты әнімізге бейнебаян түсіру»,-дейді Рүстем Жүгінісов.
«Жуырда жазылған «Футбол» әнінің авторы Ғалия Шаудырбаева. Сөзі де сол кісінікі. Қазақ футболына арналған ән жоқ. Сол себепті, футболшыларымызды қолдау мақсатында осы әнді жаздырдық»,-дейді өнерпаздар.
«Біз бір-бірімізге керек екенімізді әсіресе, сахнаға шыққанда түсінеміз. Сахнада жалғыздан гөрі, үшеуіміз қатар тұрғанда ғана көңілім толық»,-дейді ағайындылардың үлкені Рүстем Жүгінісов.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.