22 және 23 тамыз күндері елорда тұрғындары мен қонақтары қалалықәкімдік ғимаратының алдында ұйымдастырылатын мектеп жәрмеңкесіне қатыса алады.
Бұдан бөлек, барлық қатысушылар үшін концерттік бағдарлама мен балаларға арналған ойын алаңы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, барлық қатысам деушілер үшін заң және мектеп мәселелерін шешу бойынша қоғамдық қабылдау жасалады.
Мектеп жәрмеңкесі Астанада сегізінші жыл ұйымдастырылып жатқан жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясының аясында өтеді. Осы уақыт аралығында 31 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 276 млн 835 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
Демеушілер мен меценаттардың есебінен 97 млн 731 мың теңгенің көмегі жасалды.
«Мектепке жол» елордалық акциясы Астанада 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады.