Жорға дуадақтарын қорғау халықаралық қоры Қазақстан табиғаты аясына 1400 жорға дуадағын жібереді.
Құстар Бетпақдала мен Қызылқұм аймақтарынан ұшырылмақ, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
2009-2015 жылдар аралығында Қазақстанның табиғатына 5 300-ден аса жорға дуадақтары ұшырылды. Ғалымдар орнатылған спутниктік құрылғылар арқылы жіберілген құстардың қимыл-қозғалыстарын бақылай алды.
Айта кетсек, Қазақстан мен аталмыш халықаралық қор арасындағы келісімшартқа сай, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында жылына 5000 дуадақ өсіре алатын орталықтың құрылысы жалғасуда.