БАҚ тілшілері арасында «Қазақстанның сыртқы саясаты» тақырыбындағы байқауы 30 тамызға дейін жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ тілшілері арасында «Қазақстанның сыртқы саясаты» тақырыбындағы байқауы 30 тамызға дейін жалғасады

18.08.2015
БАҚ тілшілері арасында «Қазақстанның сыртқы саясаты» тақырыбындағы байқауы 30 тамызға дейін жалғасады

Байқаудың серіктесі – «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қоры» корпоративтік қоры болып табылады. Мақсаты – халықаралық қатынастар саласында қазақстандық журналистиканы қолдау және дамыту, Қазақстанның сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары туралы үздік репортаждар, сұхбаттар және талдамалы материалдар авторларын ынталандыру.

Байқау Қазақстандық халықаралық журналистердің жаңа замандастарын қалыптастыруда қолғабыс етеді, баспа және электрондық БАҚ, телевизия және радионың болашағы бар авторларын қолдайды деген үміт бар.

Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саяси қызметі, Қазақстанның сыртқы саясатының өзекті мәселелері, ҚР негізгі халықаралық бастамаларының рөлі мен маңыздылығын жан-жақты, объективті және сапалы насихаттауға ықпал етеді.

Алдағы байқауға мемлекетіміздің орталық БАҚ өкілдерімен бірге өңірлердегі жергілікті тілшілер де қатыса алады. Байқау жеңімпаздарына 2015 жылдың аяғына дейін  Сыртқы істер министрі делегациясының құрамында бір рет шетелге сапарға шығу мүмкіндігі беріледі. 2-ші, 3-ші жүлделі орын иелері дипломдар және өзге сыйлықтармен марапатталады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Хабарламаларға жазылу