Қаламгер Төлен Әбдік күйшілік өнерді бәрінен биік қояды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаламгер Төлен Әбдік күйшілік өнерді бәрінен биік қояды

19.08.2015
Қаламгер Төлен Әбдік күйшілік өнерді бәрінен биік қояды

Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері  Төлен Әбдік қағаз-қаламнан босай қалса, қолына қара домбыраны алады. «Өнерге баулыған әкем»,-дейді өзі.  Бала кезінен жиын-тойларда күй шертіп жүріп, бір кездері консерваторияға түссем деген арманы болыпты.

«Бала кезімізден домбыраға деген құмарлғымыз зор болды. Елде домбырашы, әнші адамдар бар еді, мүмкін солар әсер еткен шығар. Мектепте оқып жүргенде Ағыбай Қапанов, Әмірбек Қапақов деген ұстаздарымыз да домбырашы еді. Алғашқыда сол ұстаздарымыз үйретті»,-дейді қаламгер.

Жазушы студент кезінде күрес, домбыра үйірмесіне барып, сонымен қатар, жазушылықты да бірге алып жүрді. Нұрғиса Тілендиев құрған оркестрдің құрамында өнер көрсетті.

Қаламгер күйшілік өнерді бәрінен биік қояды. Бүгінде үйінде сыйға берілген бірнеше домбыра сақтаулы тұр.

Жазушының өзі шығарған күйлерінің бірін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу