Соған қарамастан, жылына әлемде 1,5 млн бала алдын алуға болатын аурулардың салдарынан мерт болып жатады. Басты себеп екпенің тұрақты енгізілмеуі.
Бұл мәселе жөнінде Дүниежүзілік денсаулық сақтаe ұйымының өкілдері мәлімдеп отыр. Халықаралық ұйым өкілдері жуырда осы мәселеге байланысты «Вакцина» атты арнайы журнал шығарған. Онда сарапшылар екпе егуден бас тартып немесе одан қорқып денсаулық сақтау саласы өкілдерінің шараларына көнбеудің соңы неге алып баратындығы жөніндегі байламдарымен бөліспек, деп жазады tass.ru.
Сонымен қатар, мамандар адамдардың екпелерге аса ынталы болмауы олардың сенімсіздіктерінен емес, керісінше, азаматтардың екпе туралы мәліметтерді аз білуінен деген ойларын айтады.
«Вакцина денсаулықты нығайтып, өлімнің алдын алуға көмектеседі. Сондықтан, иммундау бағдарламаларына қамтылатын тұрғындардың ауқымы мейлінше кең болғаны дұрыс»,-дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының иммунизациялау жөніндегі аға кеңесшісі Филипп Дюкло.