Қарағандыда «Бүгінгі БАҚ: жаңа тәсілдер, жаңа даму бағыттары, медиаконвергенция» атты республикалық семинар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Бүгінгі БАҚ: жаңа тәсілдер, жаңа даму бағыттары, медиаконвергенция» атты республикалық семинар өтеді

19.08.2015
Қарағандыда «Бүгінгі БАҚ: жаңа тәсілдер, жаңа даму бағыттары, медиаконвергенция» атты республикалық семинар өтеді

20 тамызда Қарағанды қаласындағы «Достар-Әлем» қонақүй кешенінде  «Бүгінгі БАҚ: жаңа тәсілдер, жаңа даму бағыттары, медиаконвергенция» атты республикалық семинар өтеді.

Шараға «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай, «Қазақстан»РТРК»АҚ Қазақ радиосының директоры Махат Садық, «Хабар» Агенттігі» АҚ «Білім және Мәдениет» телеарнасының бас редакторы Бауыржан Шамшатов, «Аргументы и факты» Баспа үйі»  ЖШС бас директоры Қайсар Жанаханов, «Новое поколение» газеті бас редакторының орынбасары Юлиана Жихорь, «Человек и Закон» газетінің бас редакторы Марат Бәшімов, «CINAN» ақпараттық агенттігінің өкілі Доган Йылдыз, «Казахстанская правда» газеті интернет редакциясының бас редакторы  Дамир Айдаров және облыстық БАҚ өкілдері қатысады.

Шара ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қолдауымен өткізілмекші.  

Хабарламаларға жазылу