«Мұнай шығару бағасының тым төмендеп кетпеуін қадағалап отырмыз. «KazEnergy» қауымдастығымен бірлесіп, барлық 57 мұнай өңдеу компаниясына сараптама жүргіздік. Нәтижесінде 39 төменрентабельді компания анықталды.
Енді осы 39 компанияға 1 қазанға дейін пайдалы қазбаларды шығару салығын төмендетпекпіз. Бұл – осы компанияларға арналған жалпы салықты 8 пайызға (146 миллиард теңге) азайтуға мүмкіндік береді».
«ҚР Үкіметінің алдына қойылған негізгі мәселе – теміржол магистральдары желісі, электр энергиясы қызметтерінің тарифін азайту. Қазір бұл мәселе қарастырылып жатыр.
Қара металлургия және химиялық өндіріспен айналысатын компанияларға қолдау көрсететін боламыз. Бірақ, біз олардың алдына өндіріс көлемін төмендетпеу және жұмыс күшін сақтап қалу сынды талап қойып отырмыз. Мұнай-газ секторындағыдай 1 қазанға дейін тау-кен секторында да пайдалы қазбаларды шығару салығын төмендетпекпіз»,-деді ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.