«Бүгін Үкімет пен Ұлттық банктың қабылдаған шешімі оңай емес, алайда ол өте қажет. Шағын, орта және үлкен бизнесті біріктіретін «Атамекен» палатасы жыл басынан бері көптеген кеңес өткізді.
Оның қорытындысы бойынша алып кәсіпорындар өз мәселелерін айта бастады. Яғни әлемдік нарықта олар өндіретін тауарларға деген баға төмендеуде. Кей болжамдарға қарағанда бұл 5 жылға жалғасуы мүмкін.
Ал, соңғы жарты жылда шағын және орта бизнес те теңге бағамының сәйкессіздігінен әртүрлі мәселелер пайда бола бастағанын жеткізді. Осылайша бүгін қабылданған шешім барлық бизнес ортаға серпіліс берері анық. Сонымен қатар, бұл жұмыс орындары мен өндірісті сақтап қалуға септігін тигізді», деді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.