Қазақтың мәдени-руһани дамуына тұңғыш болып үлес қосқан жандар туралы не білеміз?
Қазақтан шыққан тұңғыш профессор – Санжар Асфендияров. 1927 жылы ол Нариманов атындағы шығыстану институтының директоры болып тағайындалды. Сондай-ақ, сол жылы оған Мәскеу университетінің профессоры атағы қоса берілді.
Бірінші Ата Заңның жобасын жасаған қазақ кім? Ол – Барлыбек Сыртанов. Қазақ зиялы қауымы арасында тұңғыш рет «Қазақ елінің уставы» атты еңбек жазды. 1911 жылы шыққан жинақта сот билігінің тәуелсіздігі туралы мәселе қозғады.
Білім беру саласында Социалистік Еңбек Ері атағын алған тұңғыш қазақстандық – Рафиха Бекенқызы Нұртазина. Сабақ беру әдістемесі бойынша 200-ден астам еңбектің авторы атанған ұстазға 1968 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Бақыткерей Құлманов 1888 жылы Петерборда магистрлік диссертация қорғаған тұңғыш қазақ. Ол Ресейді бірінші және екінші Мемлекетті Думасына депутат болып сайланған.
Толығырақ – «Таңшолпанда».