Париж бен Лондонда адам контрабандасымен күрес орталығы құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж бен Лондонда адам контрабандасымен күрес орталығы құрылады

21.08.2015
Париж бен Лондонда адам контрабандасымен күрес орталығы құрылады

Reuters. агенттігінің хабарлауынша, Лондон алдағы 2 жылдың көлемінде Парижге босқындарды өз елдерінде орналастыру үшін  10 млн еуро бөледі.

Ла-Манштағы босқындарға қатысты жағдайдың дағдаруына байланысты Франция мен Ұлыбритания адам контрабандасымен күрес саласында тығыз ынтымақтастық орнатуға  бел буды.  

«Осы елдердің Ішкі істер министрлері  Бернар Казнев пен Тереза Мэй 20-тамыз күні Каледе өткен кездесу барысында Еуротоннель мен қаладағы жағалауларда қауіпсіздік шараларын нығайту туралы және адам контрабандасымен күреске бағытталған командалық, бақылау орталығын құру туралы келісімге қол қойды»,-делінген хабарламада.   

Орталықты екі елдің өкілдері тепе-тең жағдайда басқарады, аталмыш тәсіл екі елдің полиция құрылымдарының ынтымақтастығын арттырады деген үміт бар.

10-тамызда Еуроодақ көші-қон мәселесін шешумен айналысып жатқан мемлекеттерге алдағы 6 жылға 2 млрд 400 млн теңге бөлді. Бұл соманың ең қомақтысын немесе  560 млн еуросы Италияға тиесілі. Екінші 470 млн еуро көлеміндегі ірі соманы Греция алады.

Соңғы уақытта жүздеген көшіп-қонушылардың Ла-Манштағы тоннельге жетіп, одан әрі британия жағалауларына жетуге деген бірнеше мәрте ұмтылыстарына байланысты Ұлыбритания Кале қаласындаға қауіпсіздікті нығайтуға мәжбүр. 2015 жылдың сәуір айында Еуроодақ заңсыз көші-қонмен күрес жоспарын бекітіп, көшіп-қонушыларға көмектің жаңа бағдарламасын қабылдады.   

Еурокомиссия қазір көшіп-қонушыларды ЕО елдеріне әр елдің экономикалық көрсеткіштеріне байланысты квота бойынша орналастыруды ұсынып отыр.  

Биылғы жылы Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жетпекші болған 2 мың көшіп-қонушы суға батып, мерт болды.

 

Хабарламаларға жазылу