Астанада алғаш рет дуатлоннан жарыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада алғаш рет дуатлоннан жарыс өтеді

21.08.2015
Астанада алғаш рет дуатлоннан жарыс өтеді

Қатысушылар велосипедпен 15 шақырым қашықтықты бағындырып, жартылай марафонда 5 шақырымға жүгіреді. Жолдың жалпы ұзындығы мерекелік датаға орайластырылған.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, спорттық шара 29-тамызда «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда сағат 10.00 басталады. Қатысушыларды тіркеу жарыс өтетін аумақта жүргізіледі және сағат 7-00-де басталады.

Дуатлонға ниет  білдірген адамдардың барлығы қатыса алады. Айта кетейік, осы сияқты жарыс барша әлем бойынша ірі қалаларда тұрақты түрде өткізіледі және кеңінен тараған.

«Астана-дуатлон 2015» спорт пен дене шынықтыруды дамытуға үлес қосып, салауатты өмір салтын насихаттайды.  

Хабарламаларға жазылу