Македонияда көшіп-қонушылар көзден жас ағызатын газдың көмегімен қуылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Македонияда көшіп-қонушылар көзден жас ағызатын газдың көмегімен қуылды

22.08.2015
Македонияда көшіп-қонушылар көзден жас ағызатын газдың көмегімен қуылды

Македония полициясы көзден жас ағызатын газ қолданып, 21 тамыз, жұма күні мигранттарды қуып шықты. Сонымен қатар, онда көз қарықтыратын, құлақ тұндыратын гранаталар да қолданылған.

Бірнеше мың адам олардың Греция шекарасы арқылы, Венгрияға және Еуропаның өзге де елдеріне өткізіп жіберуді сұраған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 адам жарақат алған. Осы оқиғадан соң көптеген азаматтар Грецияға қайта қайтатын болып шешті. 

Таяу Шығыс пен Африка және Азия елдерінң 2 мыңға жуық көшіп-қонушылар Македонияға жақын маңдағы арнайы сымдармен қоршалған қоршаудың маңында түнеді. Македония 20- тамыздан соң төтенше жағдай жариялап, қатаң бақылау режиміне көшіп, оңтүстік өңірін ішінара жапқан болатын.

Төтенше жағдай режимі Грециядан заңсыз мигранттар мен босқындар ағыны күрт артқан соң енгізілген. Бақылауды күшейту жұмыстары  Македонияның оңтүстікпен қатар солтүстіктегі шекаралас аймақтарында да жүргізілуде. 

Хабарламаларға жазылу