ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында білім саласын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі талқыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында білім саласын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі талқыланады

22.08.2015
ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында білім саласын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі талқыланады

24-тамызда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысының кітапханасы ғимаратында оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша кеңейтілген кеңес өтеді.

Шара Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіповтің төрағалығымен өтпек. Сондай-ақ, кеңеске барлық облыстық Білім басқармаларының басшылары қатысады деп күтілуде.

Кеңестің күн тәртібіндегі басты мәселесі - жаңа оқу жылының қарсаңында мектептерді оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету.

 

 

Хабарламаларға жазылу