Нидерландыда жүргізушісіз жүретін автобустар пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерландыда жүргізушісіз жүретін автобустар пайда болады

23.08.2015
Нидерландыда жүргізушісіз жүретін автобустар пайда болады

2015 жылдың қараша айында Нидерландыда жаңа бағыт ашылып, онда жолаушыларды жүргізушісі жоқ WEpod EZ-10 шағын автобустары тасымалдай бастайды. 

Автобустар Вагенинген университеті мен Эде-Ванингтен стансасы арасында қатынайтын болады, деп хабарлайды news.eizvestia.com

Бірінші бағыттың соңғы аялдамаларындағы кеңістік 11 килотметрді құрайды, ал шағын автобус сағатына 25 километр жылдамдықпен жүреді. Дегенмен, оның бар жылдамдығы сағатына 40 километрді құрайды.

Автобусқа 6 адам сияды, көліктің қозғалысқа қажетті қуат көзі 100 километрге жетеді. Шағын автобустарда жүру тегін, ал нақты бір бағытқа жүретін көлікке алдын ала смартфон арқылы тапсырыс беруге болады. 

Қауіпсіздік үшін EZ-10  автобустарының әр жүрісін басқару орталығынан арнайы оператор бақылап отырады. Штаттан тыс жағдай туындай қалған жағдайда оператор автобусты өзі басқарады. 2016 жылдың көктем мен жаз мезгілдеріне қарата, жүргізушісі жоқ автобустардың бағыттары кеңейтіліп, болмаса оны жүзеге асыру мерзімі аяқталады. 

Хабарламаларға жазылу