Осы аптаның басында әлемдік нарықтағы бағалардың құлдырауы салдарынан әлемнің ең бай деген 400 адамының қаржысы 182 млрд долларынан ажырады, деп хабарлайды Bloomberg.
Миллиардерлердің қосарланған қаржыларының көлемі 6,3 пайызға кеміген, деп мәлімдейді РБК.
Тек осы жұманың өзінде аталған тізімдегі азаматтардың дәулеттері 76 млрд долларға төмендеп кетті. Бұл жағдай АҚШ-тың басты биржа индекстері Standard & Poor’s 500 Index и Dow Jones-тың соңғы 4 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш көрсетуі аясында орын алды.
«Олар үшін бұл сома түк те емес, дегенмен, 182 млрд доллар деген аз қаржы емес»,-дейді Aspiriant консалтингтік фирмасының директоры Джон Коллинс.
Доллар бағамымен алғанда, ең көп қаржыны Уоррен Баффет жоғалтты. Оның қаржы мүмкіндігі бір аптада 3,6 млрд долларға азайды. Ол мажоритарлы акционерлі болып табылатын Berkshire, Hathaway холдингтік компанияларының құнды қағаздары 5 пайызға арзандап кетті. Bloomberg мәліметтері бойынша, 63,4 млрд доллары бар Баффет планетаның ең бай азаматтарының арасында үшінші орында тұр.
Мұнайға деген бағаның құлдырауы энергетика саласында бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің қаржысының кемуіне әкеліп соқты. Мысалы, Continental Resources Inc. басшысы Харольд Хаммның қаржысы 895 млн долларға немесе бүкіл қаржысының 9 пайызыына төмендеді.