Банан жемісінің сұлулыққа пайдасы зор (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банан жемісінің сұлулыққа пайдасы зор (ВИДЕО)

24.08.2015
Банан жемісінің сұлулыққа пайдасы зор (ВИДЕО)

 

Банан құрғақ әрі тығыз болғанымен, адам денсаулығына пайдасы зор жемістің бірі.

Құрамында сахароза, фруктоза және глюкозасы бар экзотикалық бұл жеміс жеңіл қортылып, бойға күш-қуат береді.

Бананды жеп болған соң қабығын жерге де, қоқысқа да тастамаңыз. Себебі, адамдар жерде жатқан банан қабығына тайып кетіп, зардап шегуі мүмкін.

Бананның қабығы - өңі кетіп қалған күміс заттарды қалпына келтіруде таптырмас тәсіл. Ол үшін қабықты кішірек қылып кесіп алып, күмістің қарайған жерін ысқылау қажет.

Ал, денеңіздің маса шаққан жеріне 30 минуттай ұстасаңыз, қызарғаны кетіп, қышуы басылады.

Сондай-ақ, оның сұлулыққа да пайдасы зор. Жеміс қабығы минералдар мен антиоксиданттарға бай болғандықтан, күнделікті бетіңізді сүртіп тұрсаңыз, теріңіз ылғалданып, әжім түсуі азаяды.

Қарайып кеткен бананды қалай қалпына келтіруге болады?  «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу