Чилидің орталығында магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінді, деп хабарлайды АҚШ-тың геологиялық қызметі.
Жер сілкінісі жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20-10-да байқалған. Жерасты дүмпуінің орталығы шашамен Ла-Серена қаласынан 31 км қашықтықта Эльки провинциясында орын алған. Жер дүмпуі 33,9 километр қашықтықтан жеткен.
Әзірге, жер сілкінісінен зардап шеккен немесе қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.