![«Әйел бақыты» жаңа маусымын бастайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51992.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгінге дейін «Әйел бақыты» ток-шоуы көрерменге түрлі тақырыптағы өзекті мәселелердің шешімін табуға тырысып келді. Студияда түрлі тағдыр иесі жүрек түбіндегі сырымен бөлісіп, сарапшы-мамандардың кеңесін тыңдады.
Талай ел ағасы хабардың қадірлі қонағы болып, жұлдыздар да дәл осы студияда жаңалықтарымен бөлісті.
Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» жаңа маусымының тұсауын кеспек. Сүйікті хабарынан көрермен қандай өзгеріс күтеді? Студияда жазда шаңырақ көтерген жастар. Жаңа маусымның шымылдығын жаңа отбасы ашады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Әйел бақыты» жаңа маусымын бастайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/101678/)