Әлеуметтік маңызы зор тақырыптар талқыға салынатын Қазақстанның «Әйел бақыты» ток-шоуының жаңа маусымдағы алғашқы саны бүгін 15:00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында эфирге шығады.
Оның алғашқы қонақтары - әнші әрі актриса Аша Матай мен «Mysterions» тобының солисі Арман Қоңырбаев.
Жыл басында Аша Матайға Арман Қоңырбаев тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағаны туралы хабарланған еді, ал екеуінің арасындағы қарым-қатынас өткен жылдың басынан бері ел назарына іліккен болатын.
Алайда, жұлдызды жұп бұл туралы жария етуге асықпады. Екеуі сол уақытта «Жүрек сыңарым» атты әнін жазып, бірге орындап жүрді. Қазіргі таңдағы олардың арасындағы қарым-қатынас, алда болатын қыз ұзату мен көптен күткен үйлену тойы туралы анық-қанығын бүгінгі эксклюзивті хабардан біле аласыздар.
«Әйел бақыты» - аруларымыздың жан дүниесімен бөлісіп, басына түскен қиындығын ашық айтуға мүмкіндік беретін айрықша жоба. Хабарға қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалары арқау болды.
Дүйсенбі мен жұма аралығында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 15:00-де тікелей эфирде қыз-келіншектердің сырт келбетімен қоса жан-дүниесіне арналған бірегей хабарды өткізіп алмаңыздар.