Еркіне қоя берілген теңге бағамы «Даму» қоры қарыз алушыларына әсер етпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еркіне қоя берілген теңге бағамы «Даму» қоры қарыз алушыларына әсер етпейді

24.08.2015
Еркіне қоя берілген теңге бағамы «Даму» қоры қарыз алушыларына әсер етпейді

Оның айтуынша, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру теңгемен жүзеге асырылады, сондықтан еркіне қоя берілген теңге бағамы «Даму» Қоры қарыз алушыларына еш әсер етпейді.

Алайда, Д.Әбілқайыровтың сөзінше шетелдік валютадағы несиелерді субсидиялауға рұқсат етіледі, деп хабарлайды  «Даму» қорының баспасөз қызметі.

Қазіргі сәтте «Даму» қорының бағдарламалары бойынша 27 компания үшін жалпы сомасы 53 млрд.теңге болатын шетелдік валюта несилерін субсидиялау жүзеге асырылуда

Олардың валюта түсімі бар 11 кәсіпорны «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасының үшінші бағыты – «Валюталық қатердің төмендеуі» бойынша қаржыландырылды. «... Бұл компаниялардың валюталық қатерліктері хеджерленді, яғни сақталынды», - деп тұжырымдады «Даму» қоры басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров.

«Даму» қорынан қарыз алушылардың арасында шет  елдің валюта несиелерінің үлесі небәрі  3, 85 пайызды құрайды.

Хабарламаларға жазылу