Биыл Маңғыстау облысында білім саласына 51,2 миллиард теңге жұмсалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Маңғыстау облысында білім саласына 51,2 миллиард теңге жұмсалмақ

25.08.2015
Биыл Маңғыстау облысында білім саласына 51,2 миллиард теңге жұмсалмақ

«2015 жылы Маңғыстау облысының білім беру саласының бюджеті 27 пайызға ұлғайып, 51,2 млрд теңгені құрады. Облыста үш ауысыммен оқитын мектептердің мәселесі шелілуде. Мұнайлы ауданында 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын, ал, 200 орындық мектеп-интернатың құрылысы жүріп жатыр. 2015-2016 оқу жылында Жаңаөзен қаласында мамандандырылған қазақ-түрік лицейін мен Ақтау қаласында химия-биологиялық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебін» салу жоспарда бар. Сондай-ақ, Қарақия ауданындағы апатты жағдайдағы екі мектептке қайта жөндеу жұмыстары жоспарлануда», - дейді Сүйіндік Алдашев.

Биыл ҰБТ қорытынды бойынша Маңғыстау облысының орташа баллы – 75,75 балл. «Алтын белгіге» үміткер 78 түлектің 46 өздеріне артқан сенімді ақтаған. Өткен жылы Мағыстаулық түлектер республикалық, халықаралық,  әлемдік олимпиада және ғылыми жобалардан 94 медаль иеленген болса, биылғы медаль саны 98-ге жетіп отыр.

Хабарламаларға жазылу