Қытай экономикасында болып жатқан құбылыстың салдарынан жағдайда түсініксіз болып отыр, ал әлемдік қаржы нарықтарын үрей билеген, жағдай алдағы уақытта бүгінгіден де қиын болуы мүмкін. Бұған барлығы да дайын болуы керек деп есептейді сарапшылар.
Шанхай биржасындағы Shanghai Composite идекстері 8,5 пайызға түсіп кетті. Алайда, алдағы жағдай бұдан да мүшкіл болуы мүмкін деп жазуда сарапшылардың сөздерін келтірген бұқаралық ақпарат құралдары.
Көптеген елдердің қор биржалары 24-тамызды «Қара дүйсенбі» деп бағалап отыр. Шанхай биржасының индекстері 2007 жылдан бері ең төменгі көрсеткішті көрсетті. Оны ізін ала өзге елдердің де нарықтарындағы индекстер төмендей бастады, дамушы елдердің экономикалары әлсіреп барады. Шикізатқа деген баға соңғы 16 жылда ең төменгі деңгейге жетті. Мұнай бағасы да 6 жылдың көлемінде ең төменгі межені көрсетті.
«Бұл дегеніңіз нағыз апат және оны ешкім де тоқтата алмайтын сияқты»,-деп жазады Bloomberg Heqitongyi Asset Management Co компаниясының Бас инвестициялық директоры Чень Ганның сөзін келтіре отырып.
Сондай-ақ агенттіктің жазуынша, бүгінде Қытай экономикасындағы жағдай бұрынғыдан әлдеқайда қиын болуы мүмкін. Өткен жұмадан бері Қытай акцияларының қосарланған құны 4 триллион доллардан астам кеміді.
Енді барлығы, Қытай экономикасының одан әрі әлсіреуінен үрейленіп отыр, олар сонымен қатар, нарықтағы шикізат бағасының да төмендеуінен қорқады және Қытайдың Халық банкінің қандай да бір шара қолдана алатынына күмәнмен қарайды.