Жаңа оқу жылының қарсаңында еліміздің барлық өңірлеріне жаңа оқулықтар таратылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа оқу жылының қарсаңында еліміздің барлық өңірлеріне жаңа оқулықтар таратылуда

25.08.2015
Жаңа оқу жылының қарсаңында еліміздің барлық өңірлеріне жаңа оқулықтар таратылуда

Жергілікті атқарушы органдардың сатып алуы үшін өңірлік бюджеттен шамамен 13 млрд теңге бөлінді.

2015-16 оқу жылында 4,5,6 және 11 сыныптар қайта шығарылған оқулықтарды пайдаланады. Облыстық және Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларынан алынған ақпаратқа сәйкес, бүгінде еліміздің барлық өңірлеріне жаңа оқулықтар таратылды.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға сәйкес, 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10 сынып оқушыларын алдыңғы жылы шыққан оқулықтармен қамтамасыз етуді мектептердің кітапхана қорлары  жоспарлы түрде жүзеге асырады.

«Қазіргі уақытта республиканың барлық мектептерінде оқушыларға оқулық таратылуда. Сонымен бірге, қосымша білім беру әдебиеттерін, жұмыс дәптерлері, атластар, контурлық карталар, және тағы басқа бұйымдарды ата-аналар өз қаражаттарына кітап дүкендерінен сатып алатынын ескерткіміз келеді. Оқу жылының басында оқушылар мен олардың ата-аналарына, оқулықтарды, сондай-ақ қосымша әдебиеттерді және мектеп жабдықтарын дүкеннен сатып алуды кешіктірмеулеріңізді өтінеміз»,-делінген баспасөз мәліметтерінде. 

ҚР БҒМ  Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің және оның өңірлік департаменттерінің интернет-ресурстарында оқулықтардың сапасы мен мектептерге жеткізу бойынша мәселелері бойынша жұртшылықпен тығыз байланыс орнату мақсатында жедел желілер іске қосылады. Атап айтқанда, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің сайтында «Азаматтардың қабылдау» бөлімінде «Оқулық - 2015» чаты орналастырылған, сол жерге оқулық мәселесіне қатысты пікірлер мен ұсыныстарды білдіруге болады. .

 

 

Хабарламаларға жазылу