Естіген құлаққа ғибраты мол, нақылға толы қазақ поэзиясындағы лирикалық өлеңнің бір түрі – терме. Онда айтылар ой анық әрі өнегелі. Халық ауыз әдебиетінің жарқын үлгісі текті сөздің төресі ретінде бағзы замандардан бері салт-санамызбен бірге жасасып келе жатыр.
Ата-бабаларымыздың әдеби үлгісінде қалыптасқан жыр-дастандар бүгінгі жас ұрпақ арасында насихатталып та келеді. Бірақ, нәтиже аз. Оның себебі неде? Терменің бүгінгі жай-күйі қалай?
Ерекше жанр қаншалықты жаңарды, жаңғырды? Өз тыңдаушысын тапты ма? Терме жырының мағыналық мазмұны қаншалықты дәріптелуде? Бүгінгінің рэп жанры сол терменің заманауи түрі ме?
Бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» осы мәселе төңірегінде ой өрбітпек.