Нью-Иорктің қор биржасындағы басты индекстері сейсенбінің кешіне қарата қайтадан кері кеткендігін көрсетті, алайда, Риа Новости агенттігінің өкілдеріне сұхбат берген американдық сарапшылар әлемдік қор нарығы мен АҚШ нарығының тұрақтанатынынан үмітті, нақтырақ айтқанда, олар қазір осы мақсатта қолға алынып отырған шараларға үміт артады.
Сейсенбі күні Қытай пайыздық ставканы төмендетті. Бұл соңғы 9 айдағы бесінші құлдырау болатын. Төмендеу белгілері байқалған соң әлемнің екінші экономикасын қайта іске қосу әрекеті алдымен сәтті шара болып көрінген және ол әлемдік биржалардағы жағдайға игі әсерін тигізген болатын.
«Қара дүйсенбіден» соң Нью-Иорк биржасындағы S&P 500 кең нарық индекстері келесі күні 2,27 пайызға немесе 1936,1 орынға дейін артқан болатын. Dow Jones индекстері 2,19 пайызға немеес 16218,59 орынға, NASDAQ жоғарытехнологиялық индекстер 2,88 пайызға, яғни 4655,76 орынға артты.
Алайда, осы күні кешкісін жағдай инвесторлардың көңіл күйлерін оңалта алған жоқ. Dow Jones упал өнеркәсіп индекстері 1,29 пайызға артып, 15666,44 орынға жетті. S&P 500 кең нарықтарының индекстері 1,33 пайызға немесе 1867,61 орынға ауысты. Жоғарытехнологиялы NASDAQ 0,44 пайызын жоғалтып, 4506,49 орынға түсті.
Риа Новости агенттігінің өкілдеріне сұхбат берген американдық сарапшылар әлемдік қор нарығы мен АҚШ нарығының тұрақтанатынынан үмітті.