«Алтын ұя» телехикаясының түсірілімі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын ұя» телехикаясының түсірілімі басталды

26.08.2015
«Алтын ұя» телехикаясының түсірілімі басталды

Түсірілім қыркүйек айының соңында аяқталады, ал қазан айының ортасында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының эфиріне жол тартады. деп жоспарланып отыр.

16 бөлімнен құрылған драма көптеген қазақстандықтардың тағдырының мысалында Тәуелсіз Қазақстанның барлық қалыптасу кезеңдері туралы баяндайды.

Оқиға түрлі ұлыс өкілдері мекендейтін шағын ауылда өтеді. Нақты айтқанда, хикая оқиғасы Астананың түбінде орналасқан Целиноград ауданына қарасты, Новоишимка ауылында және елорданың өзінде де өрістейді. Уақыт өте келе шағын ауыл өркендеп, Астананың ажырамас бөлшегіне айналады.

Телекөрермендер киноқаһармандардың тағдырларын Тәуелсіздік орнаған 1991 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін жас елорданың қарқынды дамуымен бірге бақылай алады.

Кинотуындының бас қаһармандары - Қаратаевтар отбасы. Осы отбасының айналасында түрлі ұлыс өкілдері бірігеді.  Киноға Алматы және Астана қалаларының театр және кино актерлары  қатысады.

Туындының қоюшы режиссері – Ержан Рүстембеков, қоюшы оператор – Николай Работягов, қоюшы суретші – Марат Иманберген, продюсері – Құралай Анарбекова.

Хабарламаларға жазылу