Ақбота мен Бауыржанды ерлі-зайыпты Шэрмандар Қарағандыдағы «Құлыншақ» балалар үйінен асырап алған. Содан бері 12 жыл өтті. Бұл күнде Ақбота – Ариана, Бауыржан – Истон атанған.
«Көп нәрсе есімде. Әсіресе, қыс мезгілі. Мектептен кейін шанаға мініп, асыр салып ойнаушы едік. Кейде әжем мені шанамен үйге дейін сүйреп әкелетін. Калифорнияда қыс болмайды. Содан болар, жылдың төрт мезгілінің ауысқаны айқын білінетін туған жерді қатты сағындым...»,-дейді. Ақбота.
Ал, Бауыржан: «Ата-анамды ешқашан көрген емеспін. Анам перзентханада менен бас тартыпты. Үш жасыма дейін сәбилер үйінде, алты жасыма дейін балалар үйінде өстім...»,-дейді.
Шетел асқан қазақ балаларының бүгінгі тағдыры туралы білгіңіз келсе, сағат 13:35-те «Шетелдегі қазақ балалары» жобасын көріңіз.