Елордалық полицей Бақыт Арыстанұлы Астана бекетінде әйелді босандырып алды. Патрульдік полицей жеке көлік иесінің жанына келгенде толғатып жатқан әйелді көреді.
Ер кісі ауруханаға үлгермейтінін айтып, көмек сұрайды. Бақыт Арыстанұлы жедел жәрдем келгенше босандырып, сәбидің кіндігін кескен.
Дүниеге келген ұл бала - отбасының 5 баласы екен. «Сәбидің есімін қоюымды сұрады. Ағабек деген атты ұсындым», дейді Бақыт Арыстанұлы.
Полиция капитаны мұндай жағдай полиция бекетінде осыдан 5-6 жыл бұрын болғанын айтады. Толығырақ «Таңшолпанда».