ОПЕК елдері шығынға батса да мұнай өндіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОПЕК елдері шығынға батса да мұнай өндіруде

27.08.2015
  ОПЕК елдері шығынға батса да мұнай өндіруде

Эквадор президенті Рафаэль Корреаның мәлімдеуінше, оның елі өндірілген мұнайдың баррелінен 30 доллар алып отыр, ал шикізаты өндіруге кететін шығын 39 долларды құрайды.

«Біз мұнай бағасының айтарлықтай құлдырауының салдарынан өте бір қиын кезді бастан өткерудеміз»-деді Корреа.

Bloomberg агенттігінің  жазуынша, мұндай мәлімдемені Эквадор басшысы ОПЕК-тің бірнеше мүшесінің, соның ішінде Ливия мен Алжир өкілдерінің мұнай бағасының төмендеуі жағдайындағы әрекеттерді тақылау мақсатында ұйымға мүше елдердің жедел мәжілісін өткізу жөніндегі мәлімдемеден кейін айтты. 

Эквадор мұнай өндіру көлемі жағынан ОПЕК-тің соңғы мүшесі болып табылады. Бұл елде шілдеде мұнай өндіру көлемі тәулігіне 538 мың баррельді құрады.

Осындай жағдайға қарамастан, ОПЕК-тің көшбасшыларының бірі саналатын Сауд Арабиясы Алжир, Ливия, Венесуэла мемлекеттері тарапынан ұсынылған жедел мәжіліс өткізу жөніндегі ұсынысқа мойын бұрмай отыр.

ОПЕК-тің кезекті басқосуы 4-желтоқсанда Венада өткізу жоспарланған.  

 

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу