Құс еті және оның қайта өңделген өнімдерінің айналымына жаңа талаптар қойылатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құс еті және оның қайта өңделген өнімдерінің айналымына жаңа талаптар қойылатын болды

27.08.2015
Құс еті және оның қайта өңделген өнімдерінің айналымына жаңа талаптар қойылатын болды

2014 жылдың 8 желтоқсаны мен 2015 жылдың 11 ақпаны аралығында бұл жоба Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағында жария талқылаудан өтті. Жоба Қазақстан Республикасы аумағында өңірлік штаб аясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаментерімен талқыланды.

Индустриялар және технологиялар министрлігінің техникалық реттеу және метролгия комитетінің мәліметтерінше, сойылған құс еті өнімдері мен оның қайта өңделген өнімдері, ұйымға мүше мемлекеттер арасында айналымға түсу кезінде үшінші елден келген немесе Кеден одағы аумағында өндірілген өнімдер құзыретті органмен берілетін ветиринарлық сертификатпен айналымға шығарылады.

Сертификат санитарлы-ветиринарлық қайта сараптауға жатпайды. Техникалық регламент талаптарына сай келмейтін сойылған құс еті өнімдері мен оның қайта өңделген өнімдері Кеден одағының бірыңғай белгісімен таңбаланбайды және айналымға шығарылмайды.

Сойылған құс еті өнімдері мен оның қайта өңделген өнімдеріне және оларға байланысты өндіріс процестеріне, сақталуына, тасымалдануына, сатылымына қатысты техникалық регламент талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу