«Жалпы әлеуметтік нысандар деген қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан біз жәй ғана үй салып қана қоймай, оның жанынан бірден балабақша мен аурухана, емханалар салу жағын да қарастыруымыз керек. Бүгінгі таңда елімізде халық саны
ерекше қарқынмен өсіп келеді. Оның қажеттіліктерін толық қамтамасыз етумен жалғыз мемлекеттің айналысқаны дұрыс емес. Біз бұл іске құрылысшылардың өздерін де тартуымыз керек. Сондықтан балабақша сияқты насындар Бас жоспарда көрсетілуі тиіс»,-деді шаһар басшысы.
Алматыдағы тұрғын үй құрылыстарын аралу барысында әкім бүгінгі таңда тұрғындары тарапынан шағым туып отырған «Нұркент» тұрғын үй кешені бойынша кемшіліктерді 1-қазанға дейін жоюды тапсырды. Бұған қоса, қала басшысы осы тектес мәселелермен жергілікті тұрғындардың өздері де белсені айналысулары қажеттігін жеткізді.