Қазақстанда экстрокорпаралды ұрықтандыру тәсілінің қолға алынғанына 20 жылға жуық уақыт болды. Елімізде тұңғыш рет 1996 жылы қолдан ұрықтандыру әдісімен дүниеге сәби келді.
«Нәтижені арттыру үшін жылдан-жылға түрлі технологиялар енгізіліп жатыр. Қазір соның арқасында бедеуліктің 95 пайызын емдеу мүмкіндігі бар», дейді Салтанат Байқошқарова.
«Бедеуліктің туа бітетін түрлері өте аз. Көбіне жүре пайда болады. Ол суық тиюден, жыныстық инфекциялардың әртүрлі қабыну процестерінен пайда болады. Сондай-ақ, аборттың салдары да осы дертке әкеп соқтырады».
«Көп жылдар бойы бала сүймесе де, бір-біріне сыйластықпен қарап, үміттерін үзбеген ерлі-зайыптыларда емнің нәтижесі жақсы болады. Ал, күйеуі тарапынан түсініспеушілік болса, әйел одан әрі психологиялық күзеліске түседі. Себебі - бедеуліктің өзі стресс», дейді С.Байқошқарова.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.