Шотландия патшасы Фергустың қызы Мерида барлық ханшайымдар сияқты үлгілі болуы қажет. Сол себепті оның өмірі әр минутына дейін есептелген. Ханшайым атқа мініп, садақ атып, биік шыңның басына өрмелеп шыққанды жаны сүйетін. Алайда, анасы Элинор қызының әр қадамын бақылап отырғандықтан, Мериданың өзіне ұнайтын іс жасауы өте сирек болатын еді.
Дәстүр бойынша ханшайым кәмелеттік жасқа толған соң, елдегі негізгі үш ру өкілдерінің ұлдары бойжеткеннің қолын алу үшін сайысқа түсуі қажет. Бірақ, құда түсушілердің бірі де Меридаға аса ұнай қоймайды, оның үстіне ханшайымның тұрмыс құруға ниеті де жоқ еді.
Элинор қызының тағдырына алаңдап, қалайда тұрмысқа беруді ойлайды. Себебі, олай болмаған жағдайда соғыс өртінің лаулап кету қаупі бар. Анасымен келсіпей қалған Мерида орманға қашып кетеді. Негізгі қызық осы сәттен басталады.
Бүгін Ұлттық арнадан сағат 10:40-та «Батыл жүрек» мультфильмін көре аласыздар.